
Эбру – ежелгі түріктерден бастау алған су бетіне салынатын сурет өнері.
Ғажайып құбылысты суретшілер суда ерімейтін арнайы майлы бояулар арқылы жасайды. Нәтижесінде, мата немесе қагаз бетіне көшіріп алуға болатын өрнек пайда болады. Осылай эбру сабағы тіл бұзылысы бар балалар үшін өте пайдалы. Себебі ол когнитивтік белсенділікті дамытады, сөйлеу түсінігін жақсартады, сондай-ақ бала тәуелсіз сөйлеуді бастайды. Түс қабылдауды, кеңістікті қабылдауды, дерексіз ойлауды, есте сақтау қабілетін жақсартады. Сонымен қатар қол моторикасын, бұлшық ет жадысын, шыдамдылық пен төзімділікті дамытады. Көзді қолмен үйлестіруді жақсартады. Материалдардың бірегейлігі қуаныш сыйлайды, балалар түстердің сиқырына қатысады.